ЖОЛДАУ МІНДЕТТЕРІНЕ САЙ ҚАДАМ

Жас ғалым Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білім беруде Назарбаев Университеті тәжірибесін жоспарлы түрде енгізгенін атап өтті. Оқу орнының халықаралық және республикалық технопарктермен де байланысы нығайып келеді.
– Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес, университет базасында инжинирингтік орталық ашылды. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігіне қатысты көрсетілген міндеттерде ғалымдар агроөнеркәсіп саласында ақылды технологияларды пайдалану бағытындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Ақпараттық технологияларды пайдаланудағы бағыттар бойынша өткен жылы «Ақпараттық технологиялар және ғылыми жұмыстарды коммерцияландыру» басқармасы құрылды, – деді ол.
Сонымен қатар, «КазРоботикс» қазақстандық робототехника федерациясымен робот саласы бойынша мамандар даярлау мақсатында меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының студенттеріне робототехника бағыты бойынша пәндер жүргізілуде.
Университеттің «E-Univer» жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық стандарттары толық қамтылған және толыққанды автоматтандырылған түрде жүзеге асырылады. 2017 жылдың 11 тамызында CISCO желілік академиясы ашылды.
Университет мұражайының «Smart museum» интерактивті жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытта мұражайға келушілер смартфон арқылы барлық объектілерді 3D визуализациясы арқылы көріп, мұражайдың секторларымен 3D галаграммалық бағыт бойынша таныса алады.
Қуаныш Дәуренбековтің айтуынша қазіргі таңда университеттің жас ғалымдары «Big Data» үлкен деректермен жұмыс жасау, жасанды интеллект бағыттарында зерттеу жұмыстарын жүргізуде.