ЕРЛАН АРЫНҒА ҮШ ЖЫЛҒА ШАРТТЫ ТҮРДЕ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ЖАЗАСЫ КЕСІЛДІ
Бүгін мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынның ісіне қатысты үкім шығарылды. Сот шешімімен экс-әкімге үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі оқиға орнынан.
Естеріңізге сала кетсек, Е. Арынның ісіне қатысты сот процесі үстіміздегі жылдың 5-қарашасында басталған болатын. Сот шешімімен Е. Арын ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы, яғни қызметтік бабын теріс пайдалану бойынша үш жылға бас бостандығынан шартты түрде айырылып, сот залынан босатылды. Сонымен қатар бес жыл бойы қызметтік лауазымдарда болуға тийым салынды. Экс-әкім «Құрмет» және «Парасат» мемлекеттік марапаттардан айырылды. Алдағы уақытта бұрынғы әкім ел аумағынан өзге өңірлерге шыға алмайды.
Естеріңізге сала кетсек, Ерлан Арын ҚР Қылмыстық кодексі 311-ші бабының 5-ші бөлімі, 177-ші бабының 3-ші бөлімі және 193 бабының 3-а бөлімі бойынша, яғни «алаяқтық», «ірі көлемдегі пара алу» және «қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру» фактілері бойынша айыпталған. Нақтырақ айтсақ, ол кәсіпкерден алаяқтық жолмен 1 млн 650 мың теңгені қолды етіп, 5 млн теңгеден астам қаражат көлемінде пара алғаны үшін айыпталды. Сонымен қатар мүлікті заңсыз жекешелендіргені үшін кінә тағылған.