ЖОБА АЯСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы «Жуантөбе» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасы аясында елді-мекенде кәсіпкерлікті дамыту, мал шаруашылығын ұлғайту мақсатында Бестам ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Жиынға «Жуантөбе» бастауыш партия ұйымының төрағасы А.Есім, Бестам партиялық тобының жетекшісі Ғ.Ыханов, ауыл тұрғындары, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалық төрағалары қатысты.
Аталған мәселе аясында елді-мекенде атқарылған жұмыстар аталып өтілді.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағадарламасының» ІІ бағыты «Бизнес бастау» жобасы бойынша 2 азамат оқып сертификат алып, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2 адам 6 млн 500 мың теңге несиеге қол жеткізген. Ауыл тұрғындары Перизат Амангелді 5 млн теңге несие алып, мал шаруашылығымен, Нұрділда Мәмбетов 1 млн 500 мың теңге несие алып ара балын өндірумен айналысып, жерлестерін жұмыспен қамтып отыр.