ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ТЫҢ ЖОБАЛАР
Елімізде «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен «Аймақ – 2050» жалпыұлттық байқауы жарияланған болатын. Осыған байланысты университеттің ақпараттық-кеңес беру штабы «Аймақ- 2050» сайтында байқауға қатысуға ниет білдірген жалпы саны 57 профессор-оқытушылардан құралған 12 топты тіркеді.
Байқаудың негізі мақсаты – өңірлердің әлеуметтік-экономикалық саласын дамытуға үлес қосу. Осы мақсатта түрлі жобалар мен ұсыныстар қабылданып, арнайы құрылған комиссия үздіктерді анықтайды. Нәтижесінде озық жобалар уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға ұсынылады. Бұл өз кезегінде әрбір азаматтың өз аймағының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қосар үлесі мен Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауындағы айқындалған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру болып табылады. Байқауға қатысқан университет командалары Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының әр түрлі салалары бойынша жобаларын ұсынды. Нәтижесінде университеттің екі тобы жүлделі екінші, үшінші орындарға ие болды. Екінші орынға Л.Б.Абжамиева, Ж.Б. Скакова, Л.А.Жусупова, К.К.Дауренбеков, М.Б. Базархановалар лайық деп танылды. Ал, үшінші орынды Г.И.Мусаева, Л.К.Шілдебаева, З.Д.Тажиева, Е.Ж.Ыдырыс және А.Е.Мухановалар алды. Сайыс жеңімпаздарын «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалыстың өкілі Сәулебек Шыңғыс Айтбайұлы марапаттап, сертификаттар табыстады. Марапаттау рәсімі барысында Шыңғыс Айтбайұлы ақпараттық-кеңес беру штабының жұмысын және жіберілген жобалардың сапасын жоғары бағалап, аймақтың дамуына әрі қарай үлес қосу жұмыстарында шығармашылық табыс тіледі.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ баспасөз қызметі