ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында екі мәселе қаралды.
Бірінші мәселе Департамент жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Екінші мәселе бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының төрағасы
А.Мұхимов пен Қызылорда қаласында орналасқан бос жер учаскелерін анықтау бойынша жұмыс тобының 2017 жылғы атқарылған жұмыстары туралы топ төрағасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры А.Мұхаддастың есебі тыңдалды.
Отырыс қорытындысымен жұмыс тобының мүшелерімен тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.