АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ САТҚАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен азамат Ш.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Ақжарма ауылындағ азық-түлік дүкеніне тексеру жүргізу барысында, мемлекеттік лицензиясы жоқ арақ- шарап өнімдерін сатқаны анықталған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Ш. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 39708 теңге айыппұл салынып, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған алкоголь өнімдері мемлекет пайдасына тәркіленді.