АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
Ауылдық жерлердегі қаржылық тұрақтылықты сақтап, кәсіпкерлерді қолдау үшін Қызылорда облысының ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігі бірлесіп семинар- жиынын ұйымдастырды.
Семинар-жиынға қатысушылар облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов, аймақтық кеңес төрағасы Асқар Махамбетов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов сонымен қатар, қаржы институтының өкілдері мен облыстық басқарма басшылары.
Жұмыс тобының өкілдері жиын барысында кәсіпкерлерге берілетін мемлекеттік қолдаулар жөнінде кеңінен түсінік берді. Сондай-ақ, «Қызылорда» аймақтық инвестициялық орталық» ЖШС ауылдық елді мекендерде бастау алған жобаларды жеңілдікпен қаржыландыруға қызмет ететіндіктерін баса айтты.
«Семинардың басты мақсаты ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатып, аймақтағы қаржы институттары арқылы бастаған кәсіптерін қаржыландыру. Бұл біздің бүгінгі күнге қойып отырған басты басымдықтарымыздың бірі», - дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов.
Шараға Сырдария, Жалағаш, Арал және Қазалы аудандарының кәсіпкерлері мен осы саланың мамандары жоғары белсенділікпен қатысты.
Фариза ОМАРОВА