И.КАРИМОВ: СЫРДАРИЯ МЕН ӘМУДАРИЯҒА ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАР САЛУ ӨЗЕННІҢ ТӨМЕНГІ САҒАСЫНДАҒЫ ЕЛДЕРМЕН КЕЛІСІЛУІ ТИІС
Сырдария мен Әмударияға гидротехникалық құрылыстар салу өзеннің төменгі сағасындағы елдермен келісілуі тиіс. Бұл туралы Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін Өзбекстан Президенті Ислам Каримов мәлім етті.
«Бүгін біз Сырдария мен Әмудария өзендерінің бастау алар тұсына жаңа гидротехникалық құрылыстар салуға қатысты ортақ ұстанымызды қуаттадық. Ол БҰҰ-ның халықаралық құқықтары мен нормаларының жалпы танылған нормаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Бұған қоса, аталған өзендердің төменгі сағасында қоныстанған барлық елдермен міндетті түрде келісілуі қажет», - деді И.Каримов.
Сонымен қатар ол Қазақстан тарапының Өзбекстанның Аралды құтқару халықаралық қорына төрағалығына қолдау білдіргені үшін алғысын білдіріп «Арал теңізі бассейіндегі елдерге көмек көрсету бағдарламасының» үшінші фазасы аясында бірлескен күш-жігер жұмсауға дайын екендігін баса айтты.