СӘРСЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ БОРАН СОҒАДЫ
26 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады, қар жауып, көктайғақ болады, жел күшейіп боран соғады.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Павлодар облысында жел күшейіп, екпіні 20 м/с-қа дейін барады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, желдің күші 15-20 м/с болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында да боран соғып, жел күшейеді. Алматы облысының кей аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, тұман түседі.