СЫР ЖАСТАРЫ ҮНДЕУ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Қызылордада «Мәңгілік ел жастары – батыл қадаммен ерен еңбекке» атты облыс жастарының дәстүрлі форумы өтті. Алдымен форум қонақтары мен делегаттары талантты жастардың инновациялық жобалар жәрмеңкесін тамашалады. Көрмеге жастар өздерінің ойлап тапқан тың туындыларын әкелді.
Форумды ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жастарды құттықтай келе, олардың бастамасын құптауға әрқашан дайын екендігін айтты.
– Сіздердің ұсыныстарыңызды ескере отырып, өңірімізде жастар саясатын дамыту бойынша 2014-2015 жылдарға арналған «Жол картасын» қабылдадық. Ендігі кезекте, жастар кәсіпкерлігін дамытудың облыстық Жол картасын қабылдау жоспарлануда. Облысымызда 2 жылда «Алтын белгі» иелерінің саны 2 есеге артты. 54 мектеп оқушысы Президенттік, халықаралық, республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды. Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жасыл Ел» және жастар құрылыс жасақтары сарбаздарының саны да 2 есеге өсіп отыр. Бұның барлығы - өңірімізде мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру мақсатында атқарылып жатырған жұмыстардың жемісі, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Форум аясында облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда белсенділік танытып жүрген үздік қоғамдық ұйымдар, әріптестік байланыс орнатуға үлесін қосқан әкімдіктер мен оқу орындары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ, жастар Елбасымен бірге жаңа белестерге ұмтылуға шақырған Үндеу қабылдады.