ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА
Қызылордадағы «Жібек жолы» сауда орталығында облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері «Абылай хан» колледжінің студенттерімен бірге флешмоб биін биледі. Кішкентай балаларға арналған шара барысында өрттің тұтануына себепкер болатын оқиғаларды болдырмау жайлы кеңінен түсінідірілді. Пиротехникалық бұйымдардың тұтануынан болған оқыс оқиғалар кейде балалардың жарақат алуына әкеліп соғатындығы жайлы айтылды.
«Құтқарушылар ескертеді» акциясы «Жібек жолы», «Жайна» және «Сыбаға» сауда үйлерінде, сонымен бірге Халыққа қызмет көрсету орталығында жалғасын тапты.
Халық көп шоғырланатын орындарда құтқарушылар тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау туралы ескертті.
Қызылорда облысы ТЖД