ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ ҰСТАЛДЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюросы қызметкерлері Қызылорда облысы қорғаныс істері департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Ол 600 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен айыпталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Күдікті 2017 жылдың қарашасынан сол жылдың желтоқсанына дейінгі уақытта қол астындағы қызметкерлерінен 20 мың теңгеден бастап 150 мың теңгеге дейін бірнеше мәрте пара алып отырған.
4 қаңтарда департамент басшысы ұсталып, Қызылорда облысы Ішкі істер басқармасының уақытша тергеу бөліміне жіберілді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.