АЙМАҚТА ӨРТ ОҚИҒАЛАРЫ ЖИІЛЕГЕН
Жылу маусымы басталғалы бері жеке секторда өрт оқиғалары жиілеп кеткен. Өткен жылы осындай 522 факт болды.
Қызыл жалын 6 адамның өмірін қиып, 34 миллион теңгеден астам материалдық шығын әкелді. Бүгінде мамандар осындай оқыс оқиғаларды болдырмау бағытындағы шараларды жүзеге асырып жатыр. Олар әсіресе, сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сатушыларға қарсы күресті күшейтуде.
- Бұл рейд осы жылғы 13 қаңтарға дейін созылады. Жергілікті полиция бөлімі қызметкерлерімен бірге приотехникалық өнім сататындарды тексеріп, олардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Әуеліде ескертеміз, кемшілік қайталанса әкімшілік хаттама толтырылады, – дейді Қызылорда қалалық төтенше жағдай басқармасының бас маманы Бейбітхан Спанов.
Дереккөз: go11.kz