БАЙҚАУДАН БӘЙГЕМЕН ОРАЛДЫ
Алматы қаласында ақын Фариза Оңғарсынованың құрметіне «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз...» атты республикалық көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы болды.
Байқауға Қазалы ауданындағы Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектебінің мұғалімі Жанат Ержігітованың жетекшілік етуімен 6 сынып оқушысы Рақымжан Бейбіт пен 10 сынып оқушысы Бекнұр Орысбай қатысып қайтты. 120 қатысушының арасынан шеберлігімен көзге түскен Рақымжан Бейбіт бірінші орынды иеленсе, 80 қатысушының ішінен Бекнұр Орысбай бас жүлдені қанжығалады.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, осы орайда өз баласының болашағынан зор үміт күтіп, ерекше қолдау білдірген ата-аналар мен өсемін деген талабы бар шәкірттеріне рухани және материалдық қолдау білдірген мектеп директоры Сейілхан Бердібекұлының еңбегін атап өткен орынды.