САМАТ СМАҚОВ "АҚТӨБЕ" ТІЗГІНІН ҰСТАЙДЫ
Бүгін Ақтөбе қаласында жергілікті клубтың жаңа бас директоры таныстырылады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Клубтың жаңа бас директоры ойыншы ретінде карьерасын аяқтап жатқан Самат Смақов болды. Ал Ұлықбек Асанбаев клубтың спорттық директоры болып тағайындалды. Ал клубтың бұрынғы басшысы Мақсат Түймалиев қызметінен кетеді.
"Ақтөбе" клубының басшылығы ауысатыны туралы желтоқсан айының соңында белгілі болған еді.
Смақовтың соңғы клубы шымкенттік "Ордабасы" клубы болған еді. Оған дейін ол "Елімай" (Семей), "Қайрат" (Алматы), "Ертіс" (Павлодар), "Жеңіс" (Астана) және "Ақтөбе" клубытары сапында өнер көрсетті. Сонымен қатар ол Ресей біріншілігінде "Ростсельшам" түркиялық "Ризеспорт" клубтарының сапында ойнады.
Қазақстан құрамасы сапында ол 76 кездесу өткізіп, екі гол соқты. Смақов Қазақстан құрамасы сапында ең көп ойын өткізген футболшы.
Ұлықбек Асанбаев ташкенттік "Пахтакор", Қазақстандағы "Ордабасы", "Оқжетпес", "Қайрат" және "Ақтөбе" клубтарының ойыншысы ретінде танымал. Қазақстан құрамасы сапында алты кездесу өткізді.
Осыған дейін ол қарағандылық "Шахтер" клубының спорттық директоры, содан соң "Ордабасының" техникалық директоры қызметтерін атқарып келді.
kaz.vesti.kz