БИЗНЕС ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Қазалыда «Энергомера» ЖШС-нің «Бизнес орталығы» ашылып, пайдалануға берілді. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі М.Ергешбаев ауданның кәсіпкерлік саласының дамып жатқанын атап өтіп, жаңа кәсіпкерлік нысанның жұмысына сәттілік тілеп, орталықпен танысты.
«Бизнес орталықтың» бірінші қабатында сауда орындары, ал екінші қабатында кеңселер орналасқан.
Жас кәсіпкер Әділет Бекетайұлы жаңа ғимаратты ашу арқылы 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ.