1 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП РЕСМИ ТІРКЕЛМЕГЕН НӨМІРЛЕР ӨШІРІЛЕДІ
1 желтоқсаннан бастап ұялы операторларда тіркелмеген нөмірлер өшірілетін болды. Бұл ҚР инвестиция және даму министрлігінің барлық отандық ұялы операторларына қойған талабы.
Егер сіз қолданып жүрген жеке нөміріңіз ресми түрде тіркелмеген болса немесе сізге қатысты ақпараттар өзгерген болса, онда қызмет көрсететін орталыққа баруыңыз қажет. Бұл әрекетті осы жылдың 30 қарашасына дейін орындау тиіс. Тұтынушы өзімен бірге төлқұжатын алып баруы қажет.
Отандық ұялы байланыс компаниялардың айтуынша, олай болмаған жағдайда ешқандай ескертусіз жеке нөмірге қызме көрсету тоқтатылады.