СЕНАТОРЛАР ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Облыс прокуроры Халидолла Дауешов пен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қонақтарға орталық жайлы кеңінен айтып, басты мақсат – жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының халыққа қажетті кешенін заңды және құқықтық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету екендігін жеткізді.
– Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша арнайы орындармен және қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Мұнда жеке және заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер прокуратура, ішкі істер, әділет органдары, әкімдік қызметкерлерінен, адвокаттардан, медиаторлардан қажетті кеңестер ала алады, – деді облыс прокуроры Х.Дауешов.
«СБ»