ТЖД: ЖЕЛ ДАУЫЛҒА ҰЛАСАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша 4 қаңтарда Қызылорда облысының екпіні секундына 23-28 метрге жететін дауыл тұрады.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы