ПРОКУРАТУРА - АЗАМАТТАР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ САҚШЫСЫ
Облыс прокурорының орынбасары Р.Райхановтың төрағалығымен Қызылорда облыстық прокуратураның Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, онда үш мәселе талқыланды.
Жиналыс жұмысына Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының Қызылорда облыстық филиалының және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Мемлекетпен әкімшілік кедергілерді азайту және бизнесті заңсыз араласудан қорғаудың кепілдігін қамтамасыз ету бойынша мақсатқа бағытталған шаралар қабылдануда. Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы өз Жолдауында бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасауға тағы да назар аударды.
Кәсіпкерлік субъектілердің құқықтарын қорғау саласында қойылған тапсырмаларды орындау барысында прокуратура органдарымен нақты жұмыстар атқарылып келеді, орта және кіші бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғау тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданып, мобильді топтың жұмысы жетілдірілді.
Үстіміздегі жылы 10 тексеру жүргізіліп, 69 заңдылықты бұзушылық анықталып, 2 наразылық, 18 ұсыныс енгізіліп, 2 заңсыз актінің күші жойылып, өзгертілді, 77 кәсіпкердің құқығы қорғалып, тәртіптік жауапкершілікке 26 адам, әкімшілік жауапкершілікке 1 адам тартылды.
Облыстық прокуратура және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалымен Кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюы прокуратура органдарының бизнес-қауымдастықпен күш-жігерін шоғырландырудың бір көрінісі ретінде болды.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің пікірінше, Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті жаппай қолдау, негізсіз тексерістердің санын азайту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру жөніндегі тапсырмаларын тиімді жүзеге асыру осы салада объективті тәртіпті жолға қоюға, бизнеске әкімшілік қысымды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.
Статистикалық мәліметке сәйкес 2014 жылдың 9 айында (2013 жылдың 9 айында) облыс бойынша алаяқтық сипатында 882 (874) қылмыс тіркеліп, 0,9%-ға өскен .
Осы көрсетілген қылмыстық істердің 399 (248) сотқа жолданған, 143 (107) ақталмайтын негізде қысқартылған, 373 (420) тергеу өндірісінен тоқтамға алынған.
Облыс соттарымен 2014 жылдың 9 айында алаяқтық қылмыстары бойынша барлығы 111 адамға қатысты 108 іс ақталмайтын негізде қысқартылса, 227 адам жөнінде 215 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 116 адамға қатысты 107 іс бойынша айыптау үкімдері қабылданған.
Сонымен бірге, бас бостандығынан айыру, шартты түрде және бас бостандығынан шектеу жазалары қолданылуда.
Мысалы, «Аружан-Инвест» ЖШС-нің директоры А. Арал қаласының тұрғындары Ш. мен Т.-ға тиімді негізде несие алып беремін деп, оларды алдап, үйлерін банкке кепілге қойдырып, банктен 15 000 000 теңге алған.
Алайда, үй иелеріне бар болғаны 500 мың теңгеден ғана ақша беріп, қалған 14 000 000 теңгесін өздері иемденген.
Қаржы полициясымен ҚК-тің 177-бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен қозғалған қылмыстық іс серіктестік басшыларын айыптап, іс айыптау қорытындымен Арал аудандық сотына жолданып, сотпен үкім шыққан.
Прокуратура органдарымен зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу барысында қолданыстағы заңдардың сақталуына тексеріс жүргізіліп, бірқатар заңдылықты бұзушылықтар анықталды.
Сонымен қатар, тексеру барысында, медициналық-әлеуметтік сараптамалық комиссиясының немқұрайлығынан азамат И. Конституциямен кепілдік берілген жәрдемақы көлеміне қол жеткізе алмағаны анықталды.
Атап айтқанда, комиссияның 2006 жылғы куәландыру актісіне сәйкес, әскери қызметті өтеу салдарынан 2-топтағы аз.И-дің мүгедектігі жалпы аурулар салдарынан алынған мүгедектікке негізсіз ауыстырылған.
Тексеру нәтижесімен Қызылорда облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде аз.И-ге 2006-2013 жылдары, яғни 7 жыл бойы төленбеген, жарты миллионға жуық ақшасы есеп шотына аударылып, соңғының Конституциялық құқығы қорғалды.
Аталған факті бойынша Департаментке ұсыныс енгізіліп, қарау нәтижесімен Департамент қызметкері Р.Мухановқа «ескерту», Департаменттің бөлім бастығы А.Махановаға сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызғаны үшін «қызметке толық сай емес» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Отырыс нәтижесімен хаттамалық шешім қабылданып, уәкілетті органға кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында ұсыныстар берілсе, тұрғындарды алаяқтардан сақтау үшін түсіндірме жұмыстарын күшейтуді атап өтті.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі