ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ҚАТТЫ ЖЕЛ ТҰРАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша бүгін және ертең (3-4 қаңтар) Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыстан секундына екпіні 15-20 метрге жететін жел тұрады.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы