ОҚЫС ОҚИҒАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖАТТЫҒУДА СЫНАЛАДЫ
ҚР ІІМ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінің өндірістік аймағында кезекті оқу-жаттығу өтті.
Жаттығу шарты бойынша осындағы «ЕРЖАС» ЖШС ғимаратынан кенеттен өрт шығады. Өрттің шыққанын кезекші байқап, дер кезінде мекеме бастығының көмекшісіне байланыс құралдары арқылы хабарлайды.
Дабыл бойынша өрт шыққан жерге келген мекеме бастығының кезекші көмекшісі сол бекеттің бақылаушысына ОПУ-5 өрт сөндіру құралын беріп, мекеме бастығына баяндап, қолда бар күшпен өрт сөндіру іс-шараларын ұйымдастырып, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кезекші бөліміне баяндады. Осыдан кейін жеке құрам қызметкерлері арасынан сыртқы және ішкі күзетті күшейту және мекеменің негізгі қоршау сыртына қосымша қызметкерлер тағайындалып, ішкі және сыртқы күзетті күшейтіп тұрған бақылаушылар күзет орындарының жұмысын қатаң бақылауға алды. Ерікті өрт жасағы топтарының іс-әрекеті мекеме бойынша өрт қауіпсіздігіне жауапты режим бөлімінің жедел уәкілі, әділет аға лейтенанты Р.Елкеевтің ұйымдастырылуымен жүргізілді.
Өртті сөндірген соң, ЗК-169/5 мекемесінің бастығы. әділет подполковнигі Т.Қалымбетов оперативтік және шаруашылық қаматамасыз ету тобына өрттің шығу себебін анықтауға, шығын көлемін есептеуге және қалпына келтіруге тапсырма берді.
Орын алған өрт Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің оқу-жаттығу жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Осындай оқу –жаттығуларды өткізіп тұру – тиісті сала қызметкерлерінің өрт болған жағдайда дұрыс шешім қабылдап, іс-әрекет жасауға психологиялық тұрғыда дайындайды.
Н. БАЙМЫРЗАЕВ,
ЗК-169/5 мекемесі бастығының
кезекші көмекшісі,
әділет капитаны.