АРТУР НЫҒМЕТОВ «НҰР ОТАНҒА» КЕЛДІ
«Нұр Отан» партиясының Қоғамдық Саясат Институты директорының штаттан тыс кеңесшісі қызметіне Артур Нығметов тағайындалды. Институттың жобалау істері бойынша тәуелсіз кеңестер беру енді Нығметовтің негізгі міндеттеріне кіреді.
Артур Нығметов — публицист, саясаттанушы. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, Мәскеу саяси зерттеулер мектебінің түлегі. Швециядағы SIPU International (Стокгольм, 2008) мемлекет және жергілікті басқару институты мен Конрад Аденауэр Қорында (Берлин, 2012) сынақтан өткен. 2008 — 2012 жылдар аралығында қазақстандық және шетелдік БАҚтарда журналист және редактор қызметтерін атқарған. «Назарбаев Орталығында» бас сарапшы болған. Жыл сайынғы «Халық қалаулысы» сыйлығының "Үздік публицист" номинациясы бойынша 2012 жылдың лауреаты. 2014 жылдан бері «Smart Advice» коммуникациялық тобының басқарушы серіктесі.