«АБЗАЛ и К» БАЛАЛАРҒА СЫЙ ЖАСАЙДЫ
Осы сенбі күні қалалық оқушылар сарайында жаңа жылдық мерекелік шара ұйымдастырылады. Бұл шараны Қызылорда облысының білім басқармасы мен «Арал балалары» қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырып отыр.
«Өмірдің қиын жағдайында қалған балалар мен отбасыларға қолдау көрсету орталығын құру» пилоттық жоба аясында өтетін шараның демеушісі «Абзал и К» компаниясы.
Балаларды жасыл шырша маңына жинаған компания жоба аясында тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсететін болды.