ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ 52 ТҰРҒЫНДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Қызылорда қаласындағы Құқық қорғау қызметі орталығында Қызылорда облысы прокуроры, облыстық ішкі істер департаменті, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшыларымен және Қызылорда қаласы әкімінің тұрғындарды кезекті жеке қабылдауы өтті.
Кешегі қабылдауда Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев 52 қала тұрғынын жеке қабылдады.
Айта кету керек, тамыз айында ашылған Орталықта бұған дейін 3 ай ішінде қала әкімі 108 тұрғынды жеке қабылдаған.
Сол секілді, айына екі рет дүйсенбі күні қала әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауы өткізіледі. Жыл басынан осы кезге дейін 138 тұрғын қала әкімінің жеке қабылдауында болған.