ТҰМАН ТҮСІП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша 30 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады.
30 желтоқсан – 5 қаңтарда Қызылорда облысының кей аумағын тұман басып, көктайғақ түседі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы