ДАРИЯДА СУ ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛДІ

Жалпы осы тұс өзен арнасындағы су деңгейі жоғарылау кезеңдерінде су жайылатын аймақ болғандықтан тұрғындарға алдын-ала ескертпе хаттар таратылған.
Саяжайда барлығы 36 тұрақжай бар. Оның ішінде екеуінде адамдардың қысы-жазы тұрақты тұрып жатыр.
– Осыған байланысты, бекітілген жауапты мекемелердің арнайы техникаларын (6 жүк көлігі, 1 трактор, 1 экскаватор) жұмылдыра отырып, су жайылудың алдын-алу мақсатында топырақпен бекіту жұмыстары жүргізілуде. Саяжайды су басу қауіпі туындаған жағдайда алдын алуға жұмылдырылатын барлық күштер мен құралдар дайын, - деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов.