«ҚАЗПОШТАДАН» 66 МЛН ТЕҢГЕ ҰРЛАҒАН ШИЕЛІЛІК ҰСТАЛДЫ
Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы «Қазпошта» ғимаратынан 66 миллион теңге ұрлаған 50 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 2017 жылдың желтоқсан айының 17-нен 18-не қараған түні болған. Белгісіз адам Шиелі кентіндегі «Қазпошта» ғимаратына терезе арқылы кіріп, жалпы сомасы 66 000 000 теңге ақшаны және Макаров тапаншасын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалайды.
Жедел түрде іздестіру шаралары қабылданып, нәтижесінде Шиелі ауданының 1967 жылы туылған тұрғыны ұсталып, аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.