ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДАҒЫ КВАРЦ ҚҰМЫН ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫН ТОЛЫҚ ҚУАТТЫЛЫҚҚА ШЫҚТЫ
Зауыт жылына 80 тонна дайын өнім шығара бастады. Мамандардың айтуынша, өндіріске жаңа технология енгізу, пайдалы қазбаны игеру мен өнім көлемін еселеп арттыруға мүмкіндік берген.
Бүгінде өндіріс ошағында 45 адам еңбек етеді. Мұнда құмды құрылыстың түрлі саласында пайдалану үшін бірнеше сатылы байыту жүйесі жолға қойылған. Қазіргі таңда зауыт өнімінің негізгі бөлігі уран өндірісінде кеңінен пайдаланылуда. Алдағы уақытта нарық ауқымын кеңейтіп, экспортқа шығару жоспарда бар.
– Әр қыртысында тас, құм бөлек болады. Қазып, 8 түрге бөлеміз. Бұл – уранға қолдананылатын түрі. Оны плотина салуға, басқа да жұмыстарға пайдаланып жатыр, – дейді кәсіпорын директорының орынбасары Талғат Сматов.