КІТАП ОҚИТЫН ОТБАСЫ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында отбасылық оқуларды ұйымдастыру, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Оқитын отбасы-2017» атты шара ұйымдастырылды. Кешке қонақтары Ысқақов, Ибраев, Байбақтиевтер отбасы қатысты.
Шара барысында қонақтар өздерін таныстырып, отбасы өміріндегі кітаптың алар орнына тоқталды. Кітаптың адам тәрбиесіндегі маңызы жайлы айтып, соңғы оқыған туындылары туралы әңгімеледі.
Мәдени кешке қатысқандар «Кітап – ғасыр мұрасы» атты кітап көрмесімен танысып, , оқырмандар арасында сұрақ-жауап ойындары өткізілді.