САЛАУАТТЫЛЫҚТЫ НАСИХАТТАП, ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТТЫ
Қызылордада Астана қаласының 20 жылдығына арналған 10 шақырымдық қайырымдылық марафоны өтті.
Салауаттылықты насихаттап, жастарға қолдау көрсетуде көздеген шараны Қызылорда облысының әкімдігі, «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығы, «Жас Отан» жастар қанаты ҚОФ, «Тарлан» спорт кешені, «Zangar Sport» және «Жомарт» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Марафонның ашылуында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов құттықтауын жеткізіп, марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Осыдан кейін жарыс жолына 500 қызылордалық шықты. Қайырымдылық істен шет қалмауды көздеген олар жарысқа дейін қатысушы нөмірін сатып алып, ізгі іске өз үлестерін қосты. Марафоннан түскен қаржыға Жастар үйінің» тұрғындары мен жастарға арналған спорт алаңын салуға жұмсалады.
Тұңғыш Президент саябағынан басталып, Ғ. Мұратбаев атындағы Орталық стадионда аяқталған жарыста үздік нәтиже көрсеткен 14 қатысушыға кубоктар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.