КӨКТАЙҒАҚТАН ЖОЛ ҚАТЫНАСЫ ҚИЫНДАДЫ
Қызылордада жаңбыр жауып, оның соңы көктайғаққа ұласты.
Аймақтағы Қазалы, Арал аудандарында жолдың бетіне мұз қатып, көлік қатынасына кедергі келтірген, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Қазалы маңында шетелдік жүк көлігі жолдан шығып кеткен оқиға да кездесті. Зардап шеккендер жоқ. Өңірлік төтенше жағдай қызметінің мамандары жергілікті халықты алыс сапарға шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
– «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автотрассасы ашық, сонымен қатар «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ» трассасы да жабылған жоқ. Дегенмен алыс сапарға шығатын кезде жанар-жағармай, жылы киімдер және азық-түлік міндетті түрде болу керек, – дейді ҚР ІІМ ТЖК оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов.