АҚОРДАДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ 16 АЙМАҒЫНА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЕҢ БАСТЫ «ЖАУЛАРЫ» ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚР Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің және Ішкі істер министрлігінің басшы лауазымдарына кандидаттар қаралды.
Комиссия қарауына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.П.Қожамжаров ведомствоның аймақтағы өкілдіктерін басқару қызметіне үміткер 16 кандидатты ұсынды. Оның 3-еуі – Президент Әкімшілігінің қызметкері, 3 – ұлттық қауіпсіздік органдарынан, 3 – прокуратурадан, 6 – қаржы полициясынан, 1 – Жоғарғы соттан.
Агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш қызметтерге үміткерлер конкурстық негізде іріктелген. Бастапқыда, конкурсқа түрлі азаматтық және күштік құрылымдар қатарынан 32 адам қатысты. Олар жалпылама бекітілген рәсімдерден бөлек (заңнама білу деңгейіне тест тапсыру), тұлғалық қасиеттерін тексеруден, медициналық куәландырудан және полиграфиялық зерттеуден өтті.