ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ БІР ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ
Жеке кәсіпкер Бақтыбай Беглікбаев жолаушылар тасымалымен айналысады. Кәсіпкер ГАЗ 3224 маркалы автокөлігімен қала ішінде жолаушылар тасып келді. Балалар тасымалы үшін көлік жаңартқысы келген ол «Даму» қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан мәлімет алды.
КҚКО кеңесшісі Шолпан Өндірбаева кәсіпкерді бағдарламаның шарттарымен таныстырып, жобаны қаржыландыру үшін көмек көрсетті. Нәтижесінде Қызылорда қаласындағы «АТФ Банк» АҚ филиалы жеке кәсіпкердің жобасын мақұлдап, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында 6% сыйақымен 5 млн.теңге несие бөлді, сонымен қатар «Даму» Қорының 50% көлемде кепілдендіруін пайдаланды.
Еске сала өтсек, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында бизнесті бастау немесе оны дамыту мақсатында облыстағы «Сбербанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «АТФ Банк» АҚ арқылы несие рәсімтеуге болады.
Бағдарламаға жұмыссыз, бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлер қатыса алады. Қаржыландыру бағыты - сауда саласының айналым қаражатын толтырудан басқа кез келген бизнес түріне беріледі.