ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» республикалық акциясы аясында облыс орталығында жасақталған мобильді топ арнайы автобуспен қала көшелерімен жүріп өтіп, халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындармен кездесті.
Мобильді топ құрамына «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілі Қ.Жарекеев және мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы директорының орынбасары С.Насипова және басқа да мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері еніп отыр. Мобильді топ өкілдері Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымымен де кездесіп, кезекті ақпараттық түсіндіру шарасын өткізді.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-ші қадамын орындау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызмет көрсету барысындағы әкімшілік кедергілерді барынша азайту мақсатындағы жұмыстарды кеңінен түсіндіреміз. Мобильдік топ бұл бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады, — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байқожаев.
Қызылорда облысы ТЖД