ҚАРМАҚШЫДА КҮРІШ ЖАРМАСЫНАН ЧИПСЫ ШЫҒАРЫЛУДА
Осы істі қолға алған ақайлық кәсіпкердің бастамасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылған.
Қазір цехта 5 адам жұмыс істеп, ауысымына 2 мың қорапқа дейін чипсы шығаруда. Қоспасыз таза өнім аудан тұрғындары арасында сұранысқа ие болып отыр.
Виктор Павлов, кәсіпкер:
- Неге күріштен жасайсыздар деген сұрақ тууы мүмкін. Өйткені Қызылордада күріш өте көп. Әрине, дәстүрлі әдіспен жасау жеңіл әрі табысты болар еді. Алайда бұл күрішті терең өңдеудің басы ғана дер едім. Алдағы уақытта күріштен май, сірке қышқылы, мал ызығы секілді түрлі өнімдер өндіру жоспарда бар.