ДЕПАРТАМЕНТТЕ ДӘРІС ӨТТІ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Суицид немесе жан айқайы» тақырыбында семинар-дәріс өтті.
Облыстық ТЖД психологы Назым Анарбекқызының ұйымдастыруымен өткен шараға салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы А.Исамбекова мен облыстық наркологиялық орталық психологы Айнұр Төлепова қатысты. Семинар қазіргі таңда кеңінен таралып бара жатқан дерттің бірі суицидке арналып, көптің көкейінде жүрген мәселелерге орай слайд көрсетілді.
Психолог мамандар департамент қызметкерлерінің адамның өз-өзіне қол жұмсау себептері, суицид пен зиянды әдеттердің байланысы, есірткінің адам санасына әсері, өз-өзіне қол жұмсаған жанның туыстарының психологиялық күйі жайлы сауалдарына өз тәжірибелерінен мысал келтіре отырып жауап берді.
Қызылорда облысы ТЖД