«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Кейін бұл тарихи нысан кезінде бұзылып кетті. Дегенмен жергілікті ғалымдар оның сызбасын мұрағаттан тауып отыр. Осылайша біраз жыл бұрын жермен жексен болып кеткен айтулы кешенді қайта салып шығуға мүмкіндік туды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 137 миллион теңге бөлінді. Келесі жылы пайдалануға берілетін орталықтың жұмысын жандандыру үшін тағы 21 миллион теңге қаралған.
– «Рухани жаңғыру» орталығының Қызылорда қаласында тарихи үлгісін жандандырудың маңызы өте зор. Өйткені өздеріңіз білесіздер, 1925 жылы бұған дейін «қырғыз-қайсақ» болып аталып келген халқымыздың ресми атауы бекіп, осы жерде алаштың зиялылары, ардақтылары «қазақ» деген тарихи атауымызды қайтаруға арнайы жарлықтың шығуына, септігін тигізген болатын. Сондықтан осының барлығын ұрпақтың жадында жаңғырту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі,– дейді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.