АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ ӨТТІ

Жастарға Қомшабай Есіркепұлының өнегелі өмір жолы мен шығармашылығынан мәлімет беретін шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының кандидаттары Айман Айтбаева Күлшат Қамзаева және Қызылорда Қызмет колледжінің студенттері қатысты.
Кеш барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері ақынның өзекжарды өлеңдерін оқып, шара Қомшабай Есіркепұлына арналған «Көркем сөздің хас шебері» атты кітап көрмесімен танысты.
