БІЗГЕ ҚЫМБАТ ӘУЕНДЕР

Жаңақорған ауданы əкімдігінің қолдауымен өткен кеш аясында композитор Бексұлтан Байкенжеевтің әндерін насихаттау мақсатында вокалды-аспапты ансамбльдер арасында «Бізге қымбат әуендер» атты аймақтық байқау ұйымдастырылды.
Іргелі өнер ұжымы мен әйгілі композитор рухына бағышталған байқауға Қызылорда, Тараз, Түркістан қалалары мен Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан вокалды аспаптар ансамблі қатысты.