КИЕЛІ ӨҢІРДЕГІ КЕРЕМЕТ БАСТАМА
Қазақтың жырын, фольклорын, жалпы, қазақ өнерін Сыр өңірінсіз елестету мүмкін емес. Онсыз бір қабырғасы ойсырап тұрар еді. Бүгінгі «Парасатты поэзия» халықаралық шарасының киелі топырақта өтуі – заңды құбылыс.
Бауырлас қырғыз еліндегі қаламдастарымыз да қатысып жатқан поэзия кешін өткізуге қолдау танытқан аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевқа алғысымыз шексіз.
Елең-алаң шақта халық әдебиеттен алыстап қалғаны рас. Одан кейін ес жинады да, қайтадан кітап оқып, әдебиетті іздей бастады. Сыр өңіріндегі бүгінгі шара өлең-жырға сусаған оқырманды рухани тұрғыдан кемелдендіре түсері анық.
Бұл шара Сыр топырағының ұлттық мәдениеттің мәйегі екендігін тағы бір дәлелдеді.
Ұларбек ДӘЛЕЙҰЛЫ,
Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері