БАҚ-БЕРЕКЕ – БІРЛІКТЕ

Кездесу барысында жыл бойы атқарылған жұмыстардың нәтижесі қорытындыланып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Елбасы бастамасымен қолға алынған қоғамды жаңаша дамыту аясындағы шараларға үкіметтік емес ұйымдар қосар үлесі жайлы кеңінен әңгіме болды.
Сондай-ақ, ауданда этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің сақталуы бағытындағы шараларды ұйымдастыруға белсене араласып жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің және «Қоғамдық келісім» КММ, «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттарымен марапатталды.