ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛЫ БАСТАМА

Қазақта «қанатты» деген сөз бар, біздің қанатты, мықтылығымыз – бірлікте. Жаңа құрылымды құру арқылы ғана, біріктіру арқылы ғана, әр уақытта да күшейе түсуге болады. Бұл Президентіміздің ұстанымы, басты қасиетінің бірі – мемлекетті құрушы және алда не болатынын алдын ала болжай білетін көреген басшы. Болған оқиғаларды түсіндіріп беретін адамдар болады. Алда болатын жағдайды дәл болжап, дұрыс жол көрсете білетін сирек адамдар бар. Біздің елдің басшысында тек өз мемлекетінің ғана емес, жаһандық дамуда қандай өзгерістер орын алуы мүмкін екенін аңғара білетін қасиеті бар. Біз «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасын мерзімінен бұрын жүзеге асыра алдық. Енді бүгінгі таңда «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасын іске асыруға кірісіп кеттік. Президент біздің қалыптасқан мемлекетіміз шын мәнінде мәңгі алға баса беретін Мәңгілік Ел болуы үшін қалай өмір сүруіміз керек екеніне нақты бағдар көрсетіп берді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қоғамды дамудың жаңа арнасына бағыттайтын бетбұрыс. Рухы биік ел ғана кез-келген қиындыққа төтеп береді. Мемлекет басшысының өткенімізді ұлықтап, жаңа заманның озық дәстүрін игеруге шақырған бастамасы күллі халықтың жүрегінен жол тапты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіз, еңсесі биік, басқа дамыған мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең егеменді мемлекет болып қалыптасты. Ата-бабамыздан қанмен берілген өжеттік, қайсарлық сияқты қасиеттер болашақ ұрпақты да тек алға, жаңа белестерге жетелейтіні анық. Шығыстан алтын күн нұрын төгіп, еркіндіктің самалы ескен осы кезеңнің баянды болатынына кәміл сенеміз.
Ғ.КӨШЕКБАЕВ,
Шиелі ауданы Н.Бекежанов атындағы
мемориалдық өнер музейінің директоры