ҰЛТ ТАРИХЫ ӨЛКЕ ТАРИХЫНАН БАСТАУ АЛАДЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде оның ішіндегі алты бағыт және төрт кіші бағдарлама бойынша Сырдария ауданында атқарылып жатқан нақты жұмыстар аз емес.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасына ел тұрғындарының ықылас-пейілі ерекше. Бұл өркениетті елдер қатарына қосылуға ұмтылып отырған елімізді жаңа белеске көтеретіні сөзсіз. Рухани жаңғырудың жарқын жолына айналған маңызды мақала жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойып отыр. Осы орайда ауданымызда бағдарламаның басым бағыттарын ілгерілету, насихаттау және түсіндіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аудан әкімінің өкімімен ақпараттық-насихаттық топ құрылып, іс-шара жоспары бекітілді. Желілік кесте арқылы тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Ұлт тарихы өлке тарихынан бастау алады. Бүкіл адамзаттық құндылықтарды ұлттық құндылықтар құрайтын болса, өлке тарихы – сол құндылықтардың бастау бұлағы» деген Елбасының ұлағатты сөзі өмір сүріп жатқан өз өлкеңді танып-білу керектігін айтып тұрғаны бізге бағдаршам болуы тиіс.
Отан тарихы – өлке тарихынан бастау алады. «Туған жер» бағдарламасын ілгерілету және үйлестіру жобалық кеңсесі құрылып, арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сай түсіндірмелік жұмыстар жүргізілуде.
Мақала жарияланғалы бері аудан тұрғындарының қатысуымен мекемелер мен кәсіпорындарда, шаруашылық және ұжымдық ұйымдарда талқылаулар өткізілді. Бұдан бөлек, аға буын өкілдері және жастардың ұйымдастыруымен түрлі шаралар халықтық сипатқа ие болды. Кездесулерде мақаладан туындайтын міндеттер түсіндіріліп, бірлікті, тұрақтылықты сақтауға атсалысуға шақырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау насихатталды.