ҰЛЫ ТҰЛҒАҒА – ЕЛ ҚҰРМЕТІ

Бағдарламалық мақала шеңберінде Қызылордада түбі бір түркі жұртының түгелдігін көксеп өткен Мұстафа Шоқайға ескерткіш тақта ашылды.
Облыс орталығы Перовск есімін иеленген тұста қалалық училище болған ғимаратта 1899-1902 жылдары ұлт ардағы Мұстафа білім алған екен. Қазір бұл нысанда «Аль-Асад» сауда үйі орналасқан.
- Бұл ұлы тұлғаға деген ел құрметінің белгісі болды. Елбасы бастамашы болған бағдарлама аясындағы шараларға елдің ықыласы ерекше, – дейді «Мұстафа Шоқай» қорының президенті Базарбай Атабай.