РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАСТАР ҮШІН МАҢЫЗЫ ЗОР

Мемлекеттік жастар саясаты жетістігінің өзіндік көрсеткіші ретінде Сырдария ауданы айтулы көрсеткіштерге ие. Бүгінгі таңда Сырдария ауданында қыруар тірліктер атқарылып жатыр. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері де жыл санап жақсарып келеді. Мемлекет тарапынан барлық салаларға қолдау, қаржы мен қажетті қамқорлық көрсетіліп отыр. Отбасы құндылықтарын сақтау, қоғамды ауызбірлік пен ынтымаққа шықыру, халықты Елбасымыз көрсетіп отырған бағыт-бағдармен хабардар ету осында отырған баршамыздың басты міндеттері деп санаймын.
Елбасы «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгілікке қалуға тиіс» деген болатын. Сондықтан кейінгі ұрпақ бабалар тарихын жадына тоқып өссе, біз ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпаймыз. Рухани жаңғырудың басты мақсаты да осы. Жаңа жағдайға қарай бейімделу, жаңғыру – уақыт талабы. Бастысы, табиғи болмысымыз бен ұлттық кодымызды сақтай білсек, болғаны. Ұлт Көшбасшысының бұл игі бастамасын қолдап-қорғау барша азаматтардың басты борышы дер едік.