ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ЕСІМ

Көше ашу рәсімінде сөз алған облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов Елтай Тыныштықбаевтың жүріп өткен жолын, облыс көлемінде атқарған қызметтерін тілге тиек етті. Алғаш рет табиғат қамқоршысы болған экологтың табанды, тындырымды тірліктеріне шолу жасады. Ал, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов өз кезегінде Елтай Байназарұлымен қатар қызмет атқарғандығын, азаматтық болмысын жұртшылыққа баян етті. Оның жұмысқа деген ыждағаттылығын, көпшілікке үлгі боларлық қасиеттерін ұрпақтарына жеткізді.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы аудан халқының ерекше ықыласына бөленген эколог жайында кеңінен мағлұматтар берді. Бұл көшенің берілуі зор құрмет екендігін айтты. Бұдан бөлек сөз алған Б.Төрешов, Қ.Тыныштықбаев ардақты азаматтың тек қызметте ғана емес отбасындағы зор қамқорлығын, адамгершілігі жайында сөз етті. Жиналғандар салнатты түрде көшені ашып, болашақ тұрғындарына ақжарма тілектерін білдірді.
Көше ашылу рәсімінен кейін Елтай Тыныштықбаевтың рухына арналып ас беріліп, құран бағышталды.