ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАР КУӘЛІК ИЕЛЕНДІ

Республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, жетістіктеріне орай спортшыларға жасөспірімдік разряд куәліктері табысталды.
Шарада Манас Бекташов, Алина Жанділдаева, Диана Жармұхамедоваларға I жасөспірімдік разряд табысталса, Ариана Дигай, Жансая Есен II жасөспірімдік разряд, Аянат Қасымова, Нұрай Нақып, Малика Жармұхамед, Қымбат Мұхамеджанова, Амина Сұлтан III жасөспірімдік разряд иеленді.
Айта кетейік, жақында Алматы қаласында өткен халықаралық турнирде облысымыздың жасөспірімдер құрама командасы жақсы өнер көрсетіп, 4 жүлдемен оралған болатын.