БАЙҚОҢЫРДА БАЙҚАУ ӨТТІ

Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылған байқауға Байқоңыр қаласы, Төретам мен Ақай ауылдық округінде тұратын мүмкіндігі шектеулі жастар қатысып, ән, би бойынша сынға түсті. Шара аясында олар жасаған бұйымдар көрмесі де өткізілді.
Қоғамды жаңғыртуға негіз қалаған бастама шеңберінде өткен шарада көрермендер мүмкіндігі шектеулі болса да арманы асқақ, қиялы кең жастар өнеріне қуана қол соқты.
Байқауда топ жарғандарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.


