РУХАНИ ТӘРБИЕ – ІЗГІЛІКТІҢ БАСТАУЫ

Шараның мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы талаптарына сай ұлттық сананы жаңғырту, «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын қалыптастыру, аймақтағы өзге оқу орындарымен тәжірибе алмасу болды.
Алдымен шараға келген қонақтар «Білім нұры» галереясы, «Тарих» және «Ерлік» залдарымен танысты. Одан соң, «Бизнес әліппесі», «Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбындағы оқу сағаттарына қатысты.
Колледждің мәжіліс залында жалғасқан ауқымды шарада «Ұлттық сананың жаңғыруы – өзімізден басталады» - жастар арасында кездесетін келеңсіздіктер мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы видео-презинтацияның көрсетілімі болды. Сондай-ақ, бұл жерде көшбасшы еріктілерінің парады ұйымдастырылды.
Шара соңында оқу орындарының мамандары білім алушыларға рухани тәрбие беру жолында жасаған жұмыстары мен жоспарлары жайында өзара тәжірибе алмасты.




